Жаңалықтар

cover

20 ақпан 2024 ж.

ISSAI постдокторанты Азамат Ешмұхаметов «ТӨR» подкастына қонақ болды

Назарбаев Университетінің Ақылды жүйелер мен жасанды интеллект институтының постдокторанты Азамат Ешмұхаметов және FabLab AITU зертханасының меңгерушісі Данияр Дәулетия, Robotek спорт және робототехника мектебі ұйымдастырған «ТӨR» подкастына қонақ болды.

Сұхбат барысында Азамат Ешмұхаметов робототехникаға келген жолы туралы, сондай-ақ Назарбаев Университетінің білім беру бағдарламаларының артықшылықтары мен Қазақстан өнеркәсібінің роботтандырылуы және т.б. жайттар туралы айтты.

Азамат сонымен қатар осы саладағы қызметкерлердің тапшылығы мен робототехникаға қатысты стереотиптерді, соның ішінде мектеп оқушыларының ата-аналарының стереотиптері туралы атап кетті. Бұл стереотиптер осы саланың құндылығын толықтай түсінуге кедергілер тудыратынын түсіндірді.

Подкаст соңында қонақтар робототехниканың болашақта қарқынды дамуы күтілетінін ескертті.