Жаңалықтар

cover

5 наурыз 2024 ж.

Біз университет студенттерін 2024 жылдың жазғы зерттеу бағдарламасына қатысуға шақырамыз!

ISSAI 2024 жазғы зерттеу бағдарламасы – бұл қазақстандық және шетелдік университеттерде оқитын студенттерге арналған тағылымдама. Бағдарламаның негізгі мақсаты – жасанды интеллект, машиналық оқыту және деректерді өңдеу алгоритмдері саласындағы білім мен тәжірибені бөлісу болып саналады.

Бағдарламаға қатыса отырып, студенттер ISSAI деректерді өңдеу мамандарының жетекшілігімен нақты жобалар мен жағдаяттармен жұмыс істеу мүмкіндігіне ие болады. Төменде сіз 2024 жылғы жазғы зерттеу бағдарламасының міндеттері мен талаптары жайлы ақпаратпен таныса аласыз.

Міндетті талаптар:

–  Математикалық шешімдерді шығара алу: сызықтық алгебра, ықтималдылық теориясы және статистика;

–  Бағдарлама құру тәжірибесі: Python;

–  Машиналық оқыту: PyTorch/TensorFlow/Keras, Scikit-learn, Numpy, Pandas, Matplotlib, Scipy;

–  Ағылшын тілін білу (кемінде Upper-intermediate деңгейі).

Минималды талаптар:

–  ML және DL негіздері;

–  Деректерді жинау және компьютерлік көру үлгілерімен жұмыс істеу, табиғи тілді өңдеу, сөйлеуді тану және күшейту арқылы оқыту тәжірибесі;

–  Зерттеу жұмысы тәжірибесі.

Күні мен ұзақтығы:

– Бағдарлама маусым айының басында басталады. Күндер өзгеше болуы мүмкін;

– Ұзақтығы: 2 ай;

– NU ережелерінде белгіленгендей білім деңгейі мен қабілетіне сәйкес стипендия.

Қалай өтініш беруге болады?

Бағдарламаға қатысу үшін үміткерлер өздерінің түйіндемелерін, академиялық анықтамаларын және ғылыми қызығушылықтары мен қабілеттерін сипаттайтын ілеспе хатын 2024 жылдың 31 наурызына дейін мына сілтеме бойынша ұсынуы керек: https://docs.google.com/forms/d/e/1FAIpQLScSz2NQGl9xJyLOuM7MTFnZMvpLCQ0dRpB3MR1QoBke9tguWA/viewform?usp=sf_link

Барлық ұсынылған материалдарды мұқият қарап шыққаннан кейін іріктелген үміткерлер онлайн-сұхбатқа қатысуға шақырылады. Түйіндемені іріктеу кезеңінен сәтті өткендер ғана сұхбаттасу кезеңіне өтеді.

Бағдарламадағы орындардың саны шектеулі. Егер сізде сұрақтар туындаса, мына пошта мекен-жайына жазсаңыз болады issai@nu.edu.kz