6 наурызда KazMinerals делегациясы, оның ішінде техникалық директор Йохан Барнард, HR директоры Пол Гахаган және Cognos TM1 және Cognos BI Implementation жобаларының директоры Альфия Габайдуллина Назарбаев Университетінде болды.
Бұл сапардың бір бөлігі Aқылды жүйелер және жасанды интеллект институтының (ISSAI) зертханаларына бару болды. Постдокторант Азамат Ешмұхаметов қонақтарды роботтарды жасаудағы жасанды интеллекті қолданудың соңғы жаңалықтарымен таныстырды. Постдокторант Жанат Махатаева бөлме ішіндегі объектілер үшін синтетикалық кеңістік-уақыттық жадты құруға қабілетті адамның алғашқы есте сақтау жүйесін ұсынатын ғылыми жұмысы туралы айтты. Жанаттың зерттеулері Альцгеймер сияқты дертке шалдыққан адамдарға көмекші технологияларды жасауға негіз бола алады. Өз кезегінде докторант Төлеген Ақметов өнеркәсіптік қауіпсіздікке арналған AR шешімін көрсетті. Көрсетілім KazMinerals өкілдерінің үлкен қызығушылығын тудырды.
Сондай-ақ осы сапар барысында аға әкімшілік үйлестіруші Ғибрат Құрманов мәртебелі меймандарды институттың қазақ тілі үшін жасалып жатқан ғылыми жобаларымен таныстырды.