Жаңалықтар

cover

11 наурыз 2024 ж.

Болашақ серіктестер үшін хабарландыру

Құрметті серіктестер!

Консультациялар мен кездесулерге сұраныстардың көп болуына байланысты біз ISSAI-командасымен жұмыс кездесулерін ұйымдастыру үшін Ақылды жүйелер және жасанды интеллект институты қызметіне және әлеуетті серіктестікке қызығушылық танытқан барлық компаниялар үшін арнайы форманы енгізіп жатқанымызды хабарлаймыз.

Бұл құжат бізге сіздің компанияңыз туралы көбірек білуге, болашақ серіктестіктің мақсаттары мен үміттерін түсінуге және кездесуді дұрыс жоспарлауға мүмкіндік береді.

Осы форманы толтырыңыз. Толтырғаннан кейін issai@nu.edu.kz электрондық поштаға сұранысыңызды жіберіңіз.

Сіздердің түсіністік танытып, белсенді қатысуларыңызға үміттенеміз!