Жаңалықтар

cover

12 шілде 2022 ж.

ISSAI ғылыми мақаласының презентациясы Odyssey 2022: Сөйлеу және тіл тану семинарында көрсетілді

ISSAI деректер талдаушы Мадина Абдрахманова Odyssey 2022: Cөйлеу мен тіл тану семинарында Мадина Абдрахманова, Сания Абушакимова, Ерболат Хасанов және Хусейн Атакан Варол жазған “Аудио, визуалды және жылу деректерін пайдалана отырып, тұлғаны мультимодальдық верификациялауды зерттеу” ғылыми мақаласының презентациясын өткізді.

Мақалада авторлар аудио, визуалды және жылу режимдерін қолдана отырып, жеке тұлғаның верификациялауды мультимодальды тәсіл арқылы зерттейді. Аудио және визуалды әдістердің үйлесімі жеке тұлғаны верификациялау үшін тиімді тәсіл екендігі дәлелденген. Осы тұрғыдан алғанда, авторлар жылу кескіндерін қосу арқылы модальдылықтар санының одан әрі артуының әсерін зерттейді. Жүргізілген эксперимент үш-модальді верификациялау жүйесінің тамаша өнімділігін көрсетті. Авторлар эксперименттің репродуктивтілігін қамтамасыз ету және мультимодальдық жеке тұлғаны верификациялау саласының  зерттеуді жеңілдету үшін өздерінің кодтарын, алдын-ала дайындалған модельдерін және алдын-ала өңделген деректер жиынтығын GitHub репозиторийіне орналастырды.

Биыл Odyssey 2022: Сөйлеу және тіл тандау семинары Қытайдың Пекин қаласындағы Цинхуа университетінде 2022 жылдың 28 маусымы мен 1 шілде аралығында өтті. Семинарды халықаралық сөйлеу байланысы қауымдастығы (ISCA) мен ISCA Сөйлеу мен тіл сипаттамасы арнайы қызығушылық тобымен бірлесіп ұйымдастырды.

Семинардың мақсаты – зерттеушілер арасында сөйлеу мен тіл тану саласындағы өзара әрекеттесуді насихаттау. Бұрын Odyssey семинарлары Сингапур (2012), Йоэнсуу (2014), Билбао (2016), Ле Сабль-д ‘ Олон (2018) және Токио (2020) сияқты қалаларда өтті.